2024 жыл 2 маусымда Доха-Ташкент-Доха әуе бағытының ашылу салтанаты өтеді.
Бұл туралы Өзбекстан елшісі Ашраф Худжаев Qatar Airways компаниясының бас директоры Бадр Мухаммад әл-Мирмен кездесінде айтылды.
Сұхбат барысында мемлекетаралық тікелей әуе қатынасын орнату, жүк тасымалдауды жүзеге асыру, заманауи әуе қатынасы саласында тәжірибе алмасу сынды мәселелер талқыланды.
Бадр Мұхаммад әл-Миир Өзбекстан мен Қатар арасындағы екіжақты достық қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл қарым-қатынастардың қалыптасуында елдерді байланыстыратын әуе жолдарын құрудың маңыздылығына назар аударды.
"Біздің жоспарымыз бен үмітіміз орасан зор. Бастапқыда аптасына 4 рет, кейінірек күнделікті ұшуды жоспарлап отырмыз", - деген ол.
Сонымен қатар, тікелей әуе қатынасы арқылы өзара туристер ағыны мен екіжақты сауда көлемі арта түсетіні айтылған.