Қатар-2022: Әлем чемпионатына жолдама алған командалар саны 13-ке жетті
Футболдан 2022 жылы Қатар корольдігінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алған командалар саны қазірге дейін 13-ке жетті.
ӘЧ іріктеу кезеңі аясындағы бірқатар матчтардан кейін осы турнирге қатысатын ұлттық құрамалардың тізімі кеңейді.
Әзірге Қатарға аттанатын ұлттық құрамалардың саны 13-ке жетті (қабылдайын тарап Қатарды қосқанда):
- Катар
- Германия
- Дания
- Бразилия
- Бельгия
- Франция
- Хорватия
- Испания
- Сербия
- Англия
- Швейцария
- Нидерланды
- Аргентина
Еуропа футбол құрамаларының 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында екінші орынды алған 10 команда, сондай-ақ Ұлттар лигасының 2020/21 маусымының жалпы рейтингі негізінде таңдалған екі құрама плей-офф кезеңінде қатысатын болып, оларға жеребе тарту шарасы 26 қарашаға жоспарланған.
Еске сала кетейік, Қатарда өтетін Әлем чемпионатына 32 ұлттық құрама қатысады.