Қатар Орталық банкі футболдан әлем чемпионатының стадиондары бейнеленген естелік банкноттарды шығарды.
«2022 жылы Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына естелік монеталарды шығару банк саласының Таяу Шығыс пен араб әлемінде бірінші болып өткен осы тарихи оқиғаның сәтті өтуіне маңызды үлес қосқанын білдіреді», - деген Қатар Орталық банкінің басшысы Бандар бин Сауд әл-Тани.
Естелік банкноттарда Қатардың мәдени мұрасы көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қатар елінің ұлттық елтаңбасы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген Зубар бекінісі және Доха орталығындағы зәулім ғимараттар бейнеленген.

Футболдан әлем чемпионаты үшін арнайы шығарылған банкноттар Қатар тарихында алғаш рет полимерлі материалдардан жасалған болып, оларды елдегі банктер мен ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады.
Еске сала кетсек, Қатардағы өтетін 2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында 5 қаладағы 8 стадионда өтуі жоспарланған.