Қатар-2022: Эквадор Әлем чемпионатынан шеттетілуі мүмкін
Эквадор құрамасы Қатарда өтетін футбол бойынша Әлем чемпионатынан шеттетілуі мүмкін.
New York Times басылымының дерегінше, Чили футбол федерациясы ФИФА-дан Эквадорды 2022 жылғы әлем чемпионатынан шығаруға шақыраған. Өйткені Эквадор құрамасының қорғаушысы Байрон Кастильо шын мәнінде чилилік екенін анықтаған.
Одан бөлек футболшы жасын 20-дан 23-ке өзгеркен. Осыған байланысты Чили Кастилияның қатысуымен өтетін ойындарда Эквадорды техникалық жеңіліске ұшырату керек деп есептейді. Сондықтан чилиліктер ФИФА-ны Эквадорды әлем чемпионатына жолдамасынан айыруды және сол жолдаманы Чилиге беруді талап етуде.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы Әлем чемпионаты 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейін Қатардың бес қаласындағы сегіз стадионда 32 ұлттық құрама қатысуында өтуі жоспарланған.