Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен бірге «Жаңа Өзбекстан» саябағына барды. Жоғары мәртебелі мейман Тәуелсіздік монументініне гүл шоқтарын қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ержүрек, бейбітсүйгіш және еңбекқор, қаһарман халқымыздың құрметіне салынған ұлы ескерткіш – Тәуелсіздік монументі туралы мәлімет айтылды. Өз кезегінде мәртебелі мейман «Жаңа Өзбекстан» саябағында жүргізіліп жатқан жасампаздық жұмыстарын жоғары бағалады.


Жоғарысында Хумо құсы бейнеленген кешен 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Онда Өзбекстанның көне де бай тарихы мен бүгінгі күнмен байланысты маңызды оқиғалар көрініс тапқан.
Сапардың негізгі оқиғалары 22 желтоқсанға жоспарланған.


Жоғары деңгейдегі келіссөздерде екіжақты және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер талқыланады.
Саммит күн тәртібінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдету, өзара сауда көлемін ұлғайту, өнеркәсіптік ынтымақтастық бойынша тиімді бірлескен жобаларды ілгерілету, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, белсенді аймақаралық және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастыру сынды маңызды мәселелер орын алған.


Мемлекет басшылары бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр.
Кездесулер соңында практикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша екіжақты келісімдердің маңызды кешенін қабылдау жоспарланған.



З.ЖАНИБЕКОВ, Н.ХАЙДАРОВ(сурет), ӨзА