Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Пәкістанға барды
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Пәкістанға барды.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәртебелі мейманның келуіне орай Исламабад әуежайында Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылған.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайыдан Пәкістан президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алған.
Сапар аясында, жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады, делінген хабарламада.