Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті
15:42 / 2022-10-24

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елінің Әскери доктринасын бекітті.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, құжатта әскери қауіптер мен қауіпсіздікке әсер ететін заманауи жағдайлар мен факторлар көрсетілген. Оған әскери-саяси және әскери-стратегиялық салалардағы қызметтің жаңа бағыттары, нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және әскери жоспарлау жүйесін енгізу шаралары енгізілген.

Сонымен қатар, Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыру мақсатында Арнайы операциялар күштерін дамыту және олардың басқа мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен өзара іс-қимылын кеңейту көзделген.

Әскери доктринаның жаңа редакциясы мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі көзқарасын қазіргі заманғы талаптар мен жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа қатерлер мен тәуекелдерге ден қоюдағы елдің әскери әлеуетін арттырады, делінген хабарламада.

Әскери доктринаға өзгерістер енгізу туралы жарлық заңды күшіне енді.