Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді
24 шілдеде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді.
«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді», -делінген БОРТ№1 Telegram каналындағы хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен барған.