Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Тәжікстанға барды
Қазақстан президентін Душанбе әуежайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алған.
Ақорда дерегінше, сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
«Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр», делінген хабарламада.