Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында хабарлаған. Ондағы жазбада, «Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді», делінген.
Жазбадағы дерек бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырып, бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екенін айтқан.