Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қасым-Жомарт Тоқаев: ЕАЭО-ны дамытудың жаңа стратегиясын дайындаудың қажеті жоқ
15:37 / 2022-12-09

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеу қажеттілігі жоқ екендігін айтты.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мәлімдеген.

«2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдадық. Бүгінде ЕАЭО-ға мүше елдердің үкіметтері Комиссиямен бірлесіп, оны жүзеге асырып келеді. Әрине, бұл процесс бастапқыда ойлағандай тез жүріп жатқан жоқ. Мұның объективті себептері бар. Жекелеген мәселелер Тараптар үшін өте өзекті»,- деген ол.

ҚР Президенті прагматизм және әрбір қадамның жан-жақты пысықталуы жоспарланған мерзімде жүзеге асыруға деген ұмтылыстан басым болуы керектігін атап өтті.

«Стратегияны барлық мүше мемлекеттердің ұлттық мүддесін толық ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру – ең дұрыс тәсіл. ЕАЭО-ны дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеудің қажеттілі жоқ деп есептейміз. Мұның үстіне ұлттық үкіметтердің құқықтарын шектеу қажеттілігі де жоқ», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев.