2022 жылдың 8-12 тамызында Қашқадарияда «Жастар туризмі» құрылтайы өтеді.
Туризм және мәдени мұра министрлігі мен Қашқадария облыстық әкімдігі бірлесіп өткізетін шара Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 сәуірдегі «Ішкі туризм қызметтерін дамыту бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Құрылтайға 800 қатысушы келеді деп күтілуде. Атап айтқанда, ТМД елдерінің (Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан) жастары Шахрисабз ауданына барады. Онда танымал блогерлер мен әншілер қатысуы көзделген.
Облыстағы «Lochin» демалыс орнынан бастау алатын шарада кітап оқу, шеберлік сабақтары, ұлттық және этникалық спорт түрлерінен жарыстар, мәдени ойын-сауық шаралары, гала-концерт және т.б. ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жастармен белгілі театр және кино қайраткерлері арасында шығармашылық кездесу өтеді.
Бұдан бөлек, құрылтай аясында қатысушылар үшін туристік нысандарға саяхат, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері үшін инфотур ұйымдастырылады.