Қаржы министрлігі жанындағы Дағдарысқа қарсы қордың жұмысы тоқтатылады
Өзбекстанда коронавирус пандемиясының экономикаға теріс әсерін азайту мақсатында Қаржы министрлігі жанынан 2020 жылы наурызда құрылған Дағдарысқа қарсы қор 2021 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын тоқтатады.
Президенттің 2021 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы Жарлығында айтылуынша, қорға арнайы бөлінген қаражаттың игерілмеген бөлігі және осы жылдың соңына дейін Қордың қалған қаражаты мемлекеттік бюджетке қайтарылады.
2021 жылда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шаралары, пандемиямен күрес және вакциналар сатып алу шығындарының бір бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.