French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстандық жастарға қосымша 3 мың «грант» орын бөлінеді
13:38 / 2023-07-08

Қарақалпақстан Республикасында тұрақты тұратын, жалпы орта, орта арнаулы және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген жастар үшiн 2023/2024 оқу жылында мемлекеттiк грант негiзiнде қосымша 3 мың орын бөлiнедi.

Осыған орай биылғы жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысының тиісті жарлығы қабылданды.

Бұл орайда сала мен секторлардың жоғары білімді кадрларға деген қажеттілігі айқындалып, 2023 жылдың 20 шілдесіне дейін Өзбекстан Республикасының білім беру ұйымдарына қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияға жоғары оқу орындары мен оқу бағыттары бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.