Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстандық талапкерлер үшін қабылдау мерзімі ұзартылады
14:37 / 2022-07-12

Қарақалпақстан аумағында интернет жүйесіндегі кейбір техникалық ақауларға байланысты құжаттарды онлайн тапсыруда қиындықтар туындағанына байланысты талапкерлер үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылады.

«Бұл процесс мемлекет тарапынан толық бақылауға алынды, құжат тапсыруға үлгермеген қарақалпақстандық жастар үшін онлайн тіркелу мерзімі ұзартылады деп күтілуде», делінген Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі хабарында.

Министрлік жақын арада бұл мәселе оң шешімін табатынын және бұл туралы ақпарат қарақалпақстандық талапкерлер мен олардың ата-аналарына (Beeline, Uzmobile, Ucell, UMS, Perfectum mobile) SMS хабарлама түрінде, сондай-ақ облыстық телеарналар арқылы жеткізілетіні жайлы айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 10 шілде – кәсіби (шығармашылық) шет тілі емтихандары өтетін білім бағыттары мен академиялық лицейлерге қабылдаудың соңғы күні болатын.

2022/2023 оқу жылына жоғары оқу орындары мен кәсіптік оқу орындарына онлайн қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.