Қарақалпақстандық Дәрібай Тажімуратов шебер мүсінші ретінде Орталық Азияға танымал азамат.
Оның ағаш, гипс, бетон, алебастр, саз материалдардан жасаған мәнді жұмыстары көпшіліктің көңілінен шығады.
«Ана мен бала», «Жастық шақ», «Қарақалпақ келін», «Шал мен кемпір», «Тұлпарлар», «Сәукеле», «Күншығыс» сияқты туындылары арқылы автор бұл шығармаларда өнер сүйер қауымды қарақалпақ халқының бай тарихы, этнографиясы, баға жетпес мұрасымен, сондай-ақ жерінің ғажайып табиғатымен таныстыра білген.
[gallery-13892]
Д.Тажімуратов 1990 жылдан Өзбекстан Суретшілер одағының мүшесі. Оның туындылары Өзбекстан Көркемсурет академиясының Қарақалпақстан филиалында ұйымдастырылған бірқатар көрмелерге қойылды. Сондай-ақ мүсінші республикалық және шетелдік көрмелер мен фестивальдерге белсенді түрде қатысып келеді. Атап айтқанда, суретшінің жұмыстары Түркіменстан, Қазақстан, Ресей, Венгрия, Германия, Польша, Болгария, Вьетнам, Куба сияқты елдерде ұйымдастырылған көрмелерде көрсетілген.
2021-жылы Д.Тажімуратовқа «Қарақалпақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді.
суреттерді түсірген Мақсат Хабибуллаев, ӨзА