Президент Жарлығына сәйкес, Қарақалпақстан Республикасы аумағында енгізілген төтенше жағдай режимі 2022 жылдың 21 шілдесі сағат 05:00-де мерзімінен бұрын тоқтатылады.
20 шілдеде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Қарақалпақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай режимін тоқтату туралы» жарлыққа қол қойды.
Құжат Қарақалпақстан Республикасы Жуқорғи Кенгесінің төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін және Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртiптiң қалпына келтiрiлгенiн және көрiлген шаралар нәтижесiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін ескере отырып қабылданды.
Төтенше жағдай 21 шілдеде сағат 05:00-де мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, 1-2 шілдеде Нөкіс қаласында болған тәртіпсіздіктерден кейін Президент жарлығымен Қарақалпақстан аумағында бір ай мерзімге төтенше жағдай енгізген болатын.
13 шілдеде төтенше жағдай жеңілдетілді, коменданттық сағат 21:00-ден 07:00 аралығынан 23:00-ден 05:00-ге дейін қысқартылған еді.