Президент жарлығымен Қарақалпақстан аумағындада төтенше жағдай жарияланды.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 19-тармағына және «Төтенше жағдай туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 5-7-баптарына сәйкес:
Азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қалпына келтiру мақсатында 2022-жыл 3-шілдекүні сағат 00:01-ден 2022 жыл 2 тамыз сағат 00:00-ге дейiн Қарақалпақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгiзеді.
Қарақалпақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай режимі енгізілгеніне орай сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат жарияланды.
Төтенше жағдай режимі кезінде келесі шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі:
- қоғамдық тәртіпті, аса маңызды және жіктелген объектілерді, халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерін қорғау күшейтіледі;
- Қарақалпақстан Республикасында, соның iшiнде автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру бостандығын шектеу;
- азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, оларды жеке қарау, олардың заттары мен көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі;
- Қарақалпақстан аумағына кіру және одан шығу шектеледі;
- бейбіт жиындар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
- заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға бағытталған ереуілдерге және кез келген басқа әрекеттерге тыйым салынады;
- қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, арнайы құралдар, улы заттарды сатуға тыйым салынады;
- дәрі, есiрткi, психотроптық заттар мен этил спиртi және алкоголь өнiмдерiнiң айналымының ерекше тәртiбi енгiзiледi;
- жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрілер, улы заттар, ал заңды тұлғалардан қару-жарақ, оқ-дәрілер және улы заттармен бірге әскери және оқу-жаттығу техника, жарылғыш және радиоактивті заттар уақытша тәркіленеді.
Төтенше жағдай режимінде қолданылатын шаралардың орындалуына жауапты болып Қарақалпақстан Республикасы аймақтық қолбасшылығы, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесіне кіретін басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар белгіленді.