Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстанда қамауға алынған 38 күдікті қоғамдық кепілдікпен босатылды
13:28 / 2022-10-15

2022 жылдың шілде айында Қарақалпақстан Республикасында орын алған жағдайлар мен оқиғаларды зерделеу жөніндегі комиссия мүшелерінің жұмысы жалғасуда.

Арнайы комиссия тарапынан азаматтардың өтініштерін қарау барысында өз әрекетіне шын өкінген, әлеуметтік жағдайы ауыр күдіктілердің екінші тізімін жасап, оларды отбасыларына қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Омбудсменнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, атқарылған жұмыстардың практикалық нәтижесі ретінде 2022 жылдың қазан айында тағы 38 күдікті қоғамдық кепілдік негізінде отбасыларына қайтарылды.

Бұл комиссия мүшелерiнiң ұсынысы және Қарақалпақстан Республикасы Жуқорғи Кенгесiнiң талап-арызымен Бас прокуратура тарапынан орындалды.

ӨзА