Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстанда қамауға алынған 24 адам қоғамдық кепілдікпен босатылды
16:18 / 2022-08-30

Өзбекстан Бас прокуратурасы тарапынан Қарақалпақстандағы оқиғаларды тәуелсіз тексеріп жатқан комиссия мүшелерінің ұсынысы және Қарақалпақстан Жуқорғи кенгесінің талабы бойынша 24 күдікті қоғамық кепілдік негізінде отбасына қайтты.

Олий Мажлистің Адам құқықтары жөніндегі өкілі (омбудсмен) баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілерге тағайындалған бас бостандығынан айыру бұлтартпау шарасы гуманитарлық қағидатқа негізделген қоғамдық бақылау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасымен ауыстырылды.

Аталған азаматтардың Қарақалпақстанда орын алған оқиғалар кезінде жасаған әрекеттеріне өкінетіндігі, олардың қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар екендігі, кейбіреулерінің отбасында жалғыз басты асыраушы болып табылатыны айтылған.

Комиссия мүшелері қызмет басынан бері азаматтардың өтініштерін зерделеуге ден қойып келеді. Әрбір өтініш бойынша тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдануда.

Комиссия мүшелері бейтарап қорытынды дайындауды өтініштерді зерделеуден бастады. Олардың қызметі туралы жаңалықтарды «@commissionuz» телеграм арнасынан білуге ​​болады.

Болған оқиғаларды жан-жақты және бейтарап тексеру үшін қазіргі уақытта тергеу процесі жалғасуда.