Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстанда ұлттық киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді
09:58 / 2024-08-26

Нөкіс қаласындағы «Аққұс» кешенінде бой көтерген әлемдегі ең үлкен қарақалпақ ұлттық киіз үйінің Гиннестің рекордтар кітабына енгені құрметіне салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға министрліктер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ардагерлер, студенттер, жұртшылық қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

[gallery-18846]

«OROL AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған үлкен киіз үйдің диаметрі 42 метр, биіктігі 22 метрді құрайды. Кешенде қарақалпақ, қазақ, түркімен, қырғыз, башқұрт сынды түркі халықтарының киіз үйлері бар.

Іс-шара барысында қарақалпақ ұлттық киіз үйінің Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

 

суреттерді түсірген  М.Хабибуллаев, ӨзА