Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстанда «Kungrad Wind 2» инвестициялық жобасы жүзеге асырылады
17:13 / 2023-10-09

Өзбекстан Республикасы Президентiнiң «Қарақалпақстан Республикасы Қоңырат ауданында қуаты 500 МВт жел электр станциясын, қуаты 100 МВт электр энергиясын сақтау жүйесiн, қуаты 500 кВ қосалқы станцияны және электр қуатын сақтау жүйесiн салу (Kungrad Wind 2)» инвестициялық жобасын жүзеге асыру шаралары туралы қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, «ACWA Power Company» (Сауд Арабиясы) компаниясы тарапынан жоғарыда айтылған инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында «ACWA Power Kungrad Wind 2» ЖШҚ құрылады.

Бұл үшін алдын ала бағалау бойынша 667 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылады.

Жоба аясында жел электр станциясын біртұтас электр желісіне қосу үшін жобалық компания жаңа қосалқы станция мен әуе электр беру желілерін салып, іске қосылғаннан кейін «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ-ға тапсырылады. 

«Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ 25 жыл бойы өндірілген электр энергиясын кепілдікпен сатып алуға міндетті болады.

Электр энергиясы үшін төлем ұлттық валютада жүргізіледі.

Бұл жоба Қарақалпақстан Республикасы халқын және экономика секторларын энергетикалық ресурстармен тұрақты түрде қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіруде табиғи газды пайдалануды азайту, қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану аясын кеңейтеді.