Қарақалпақстанда гастрономдық фестивал өтеді
2022 жылдың 29-30 қыркүйек аралығында Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында «Арал балығынан 99 түрлі тағам» атты гастрономиялық фестиваль өтеді.
Фестивалдің мақсаты – Қарақалпақстанда, атап айтқанда, Мойнақ ауданында гастрономиялық туризмнің бірегей әлеуетін кеңінен насихаттау, өңірдегі мәдени-ойын-сауық іс-шараларының санын арттыру, сол арқылы жергілікті және шетелдік туристер санын одан әрі арттыру.
Шара барысында жергілікті аспаздардың балық тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сабақтары, аспаздар арасындағы байқау, жергілікті қолөнершілердің көрмелері, ұлттық эстрада және фольклор әртістерінің концерттік бағдарламасы, ұлттық би ансамблі және басқа да ойын-сауық шаралары, сондай-ақ байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.