Мемлекет басшысы Нөкіс қаласындағы инвестициялық жобалар бойынша ахуалдық орталықтың қызметімен танысты.
Бұл мекеме бизнес-жобаларды қалыптастыру, жүзеге асыру және мониторингілеудің біріктірілген жүйесі ретінде жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидаты негізінде министрліктер, ведомстволар, облыстар мен ұйымдар арасында жедел ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.
Орталықта үш топ – өңірлік жобалық топ, стратегиялық даму тобы және кәсіпкерлерге шұғыл қолдау көрсету тобы бар. Сондай-ақ мұнда Іскерлік кеңесі жұмыс істейтін болып, жоба топтарымен жаңа идеялар және ұсыныстарды талқылап, оған кәсіпкерлерді тартады.

Сонымен қатар, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Сауда-өнеркәсіп палатасының мамандары өңірде дайын жобаларды әзірлеп, дайын түрде тұрғындарға ұсынбақ.
Орталыққа жетекші сала өкілдері бекітілген. Мемлекет басшысына Қарақалпақстанда осы салаларда жоспарланып отырған жобалар туралы нақты мәлімет айтылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Арал өңірін бірлесіп игеруге облыс әкімдіктері де атсалысуда. Олар Қарақалпақстанның әр ауданында жобалар жасап шықты. Бұл жоспарлардың тұсаукесері де осы орталықта өтті.
Сонымен Президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасына сапарын тәмамдап, Ташкентке қайтып оралды.




