Қарақалпақстанда 100 МВт жел электр станциясы салынады
Қарақалпақстанның Қараөзек ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 МВт жел электр станциясын салу жобасына қаржылық ұсыныстардың ашылу салтанаты өтті.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, тендерлік ұсыныстар бойынша «ACWA Power» компаниясы жеңімпазы атанды. Компания 100 МВт жел электр стансасын салу бойынша электр энергиясының киловатт-сағатына 2,5695 АҚШ центінің тарифін ұсынған.

Сондай-ақ, «Masdar» компаниясы резервтегі жеңімпаз деп танылған болып, ол 1 киловатт-сағат электр энергиясына 2,6550 цент баға ұсынған.
Жоспар бойынша станция 2023 жылы пайдалануға беріледі және жылына 350 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді.