Қарағанды облысында шахтада апат болып, 5 кенші қаза тапты
Қазақстанның Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болып, нәтижесінде 5 кенші көз жұмған.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, оқиға 3 қараша күні сағат жергілікті уақытпен 3.03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында болған. Апат шахтада газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метан газы кенеттен тарап кетуі салдарынан орын алған.
«Оқиға болған кезде шахтада 106 қызметкер болды, 101 адам жер бетіне көтерілді. 5 адам (бағаналы бөлік жұмыскерлері) көтеру торларының жұмыс істеуі үшін қалды», дедінген мәлімдеде.
Қазіргі уақытта шахтаның 5 қызметкерінің денесі табылып, 4 адам жер бетіне шығарылған соң Шахтинск қаласының Орталық аудандық ауруханасына жатқызылған.
Шахтада болған апатқа байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.