English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарағанды облысында ұшақ апатынан 2 адам мерт болды
10:46 / 2023-09-30

Қазақстанның Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.

Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды.

Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Комитет дерегінше, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 шақырым жерде құлаған.