«Qanot Sharq» әуе компаниясы Бұхара мен Жиддаға тұрақты рейстерді ашты
7 ақпаннан бастап жергілікті «Qanot Sharq» әуе компаниясының Сауд Арабиясының Жидда қаласына екі жақты рейсі ашылды.
Uzbekistan Airports хабарлауынша, Ташкент уақытымен сағат 10:03-те әуекомпаниясының ұшағы Бұхара халықаралық әуежайына қонып, осылайша Бұхара-Жидда-Бұхара бағыты бойынша тұрақты рейстерін бастады.
Бұхарадан Жиддаға жолаушылар рейсі аптасына біррет – дүйсенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.
Айта кетейік, «Qanot Sharq» авиакомпаниясының авиапаркінде Airbus A320, A321neo және A330 бар, ішкі және халықаралық рейстерді орындайды.