Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Путин Трамппен сөйлесуге дайын
15:28 / 2025-01-24

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесуге дайын.

Бұл туралы Дмитрий Песков мәлімдеді.

«Путин дайын, біз қоңырауды күтіп отырмыз. Егер бұл орын алса, хабарлайтын боламыз», – деген Песков.

Ресей мен АҚШ басшыларының болашақ кездесуі туралы Песков қысқаша: «Қосымша түсініктеме айтпаймыз», - деген.

Бұған дейін Трамп Ақ үйде БАҚ-қа берген сұхбатында, Ресей президентімен кездесуге дайындық туралы бірнеше рет «жедел түрде» кездескісі келетінін хабарлаған еді.

Өз кезегінде Путинде АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен Украина дағдарысы бойынша сөйлесуге дайын екенін айтқан.

Песков сонымен қатар, Мәскеу Вашингтонмен ядролық қаруды азайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін, бірақ мұнда АҚШ-тың одақтастары – Ұлыбритания мен Францияның ядролық әлеуетін де ескеру қажет екенін мәлімдеген.

«Бүкіл әлем мүдделері, мемлекеттеріміздің халықтарының мүдделері тұрғысынан, әрине, біз осы келіссөздер процесін мүмкіндігінше тезірек бастауға мүдделіміз», – деп атап өткен Кремль баспасөз басшысы.