Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Путин Қазақстан президентін Ресейдегі ірі халықаралық шараларға шақырды
10:48 / 2024-11-28

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстандағы кезекті мемлекеттік сапары барысында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресейдегі ірі халықаралық шараларға шақырды.

KAZINFORM мәліметінше, Ресей басшысы бұл жөнінде келіссөздер барысында атап өткен.

«Ең алдымен, осындай салтанатты кездесу үшін Президентке алғыс айтқым келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз сізбен үнемі кездесіп жүрміз және осындай жұмыс жағдайына үйреніп те қалдық. Осыншалық салтанатты рәуіште қарсы алып жатырсыздар. Сізге көп рахмет.

Достығымыз бір төбе, іскерлік қарым-қатынасты да өз деңгейінде ұстап келеміз. Бәрі шынымен де ең серпінді, ең жақсы үлгіде дамып жатыр. Біз үнемі байланыстамыз», - деген Ресей президенті.

Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтой шарасына шақырды.

«Өзіңізді жыл соңында Санкт-Петербургте өтетін ТМД аясындағы бейресми кездесуде күтемін. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға шақырамын. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз», - деген Владимир Путин.