English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Путин президенттікке қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды
01:42 / 2021-04-06

Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы ретінде қайта сайлануына мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Құжат дүйсенбіде ресми ақпараттық интернет-порталда жарияланды.

ТАСС ақпараттық порталындағы хабарға сай, қабылданған заң президенттік мерзім үшін қатаң шектеу қояды – яғни бір адамға екі реттен астам ел басқаруына тыйым салады. Сонымен бірге қазіргі мемлекет басшысы үшін мандаттарды нөлден бастап санау көзделген. Енді Владимир Путин билікті кем дегенде 2036 жылға дейін басқаруға мүмкіндігі бар - егер ол, тағы қатарынан екі рет сайланатын болса.

Құжат бойынша Ресей Федерациясының азаматы елде кем дегенде 25 жыл тұрақты тұрған, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттің азаматтығына немесе тұруға ықтиярхаты болмаған жасы 35-тен кем емес азаматтар мемлекет басшысы болып сайлануы мүмкін.