English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Путин мен Зеленский Францияда кездесетін болды
20:31 / 2019-11-17

Бұл кездесу қыркүйек айында өтуі керек болған еді, бірақ...


Бұл кездесу 9-шы желтоқсан күні Парижде өтеді. Онда Ресей мен Украинадан бөлек Германия және Франция басшылары қатысады.

Франция президенті баспасөзінің мәліметінше бұл кездесу «Норманд келіссөздері» аясында өтетін болып, негізгі талқыланар мәселе Украина шығысындағы жағдайды тәртіпке салу. Осы келіссөздер барысында Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуі де жоспарланған.

Осыған дейін, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путин мен Зеленскийді жеке кездестіру жайлы айтып, оған нейтралды аймақ ретінде Қазақстанды ұсынған болатын.