Путин Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында атысты тоқтатуын жариялады
Ресей әскері Жеңістің 80 жылдығына орай 7-10 мамыр күндері барлық әскери операцияларды тоқтатады.
Бұл туралы Кремль хабарлады.
«Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен, гуманитарлық тұрғыдан, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында — 7 мамыр түн ортасынан бастап 10 мамыр түн ортасына дейін Ресей тарапы атысты тоқтататыны жарияланады», — делінген ресми мәлімдемеде.