Путин АҚШ Президентінің арнайы өкілімен кездеседі
Ресей басшысы Владимир Путин 2 желтоқсан күні АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен Мәскеуде кездеспек.
Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Президент Путин келіссөздерге дайындық аясында бірқатар жабық жиындар өткізеді. Келіссөздер қорытындысында тараптардың бірлескен мәлімдеме жариялауы да мүмкін екені айтылды.
Бұған дейін Уиткофф Флорида штатында Украина өкілдерімен өткен келіссөздерге қатысқан болатын. Әңгіме барысында Вашингтонның бейбітшілікке қатысты бастамалары талқыланған.