Пуэрто-Рикода жағалауында кеме апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты
Гаити мен Доминикан Республикасынан заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық Пуэрто-Рико жағалауында аударылып, суға батып кетті.
DW порталының дерегінше, қайғылы апаттан 31 адам құтқарылған болса, қазіргі кезде 11 жолаушының мәйіті табылған.
АҚШ жағалау күзетінің мәліметінше, төңкерілген кемені Кедендік және шекаралық қызмет ұшағының экипажы байқаған. Бірақ қайық бортта қанша адам болғаны белгісіз. Іздеу жұмыстары жалғастырылуда.