Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«ПСЖ» Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алды
11:29 / 2021-08-09

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы ел астанасының символына айналған Эйфель мұнарасын 10 тамыз күні кешкі уақытқа жалға алды.

Football Transfer-дің хабарлауынша Париждік клуб әйгілі мұнараға жаңа ойыншы Лионель Мессидің клубқа келгенін таныстыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін 5 тамызда «Барселона» клубы Мессидің клубтан кеткенін және тараптардың қаржылық және Ла Лиганың шектеулеріне байланысты жаңа келісімшарт жасай алмайтынын хабарлаған еді. 

Осдан кейін «ПСЖ» клубы Мессимен келіссөздер жүргізіп оны команда сапына қосуға тырысуда. Қазірге нақты ақпарат жарияланбаған. 

The Athletic мәліметі бойынша, Месси 25 миллион еуро көлемінде бонус алады, бұл екі жылдық келісімшарт бойынша жылына алатын жалақысы. Сол жалақымен үшінші жылға ұзарту мүмкіндігі бар. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы «Барселона» клубынан «ПСЖ» сапына рекордты сомада ауысқан бразилиялық футболшы Неймардың таныстырылымы да дәл осы Эйфель мұнарасында өткен болатын.