Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«ПСЖ» мен «Челси» жартылай финалға шықты
02:41 / 2021-04-14

Еуропа Чемпиондар лигасы ширек финалдық жауап ойындарының алғашқы кездесулері аяқталып, «ПСЖ» мен «Челси» жартылай финалға шықты.

Париждегі «Парк-де-Пренс» алаңында өткен тартысты кездесу қонақ клуб «Баварияның» жеңісімен аяқталды. Есеп 0-1. Бірақ бұл нәтиже неміс клубының келесі кезеңге өтуіне көмектескен жоқ. Екі кездесу қорытындысы бойынша есеп тең 3-3 (алғашқы кездесу 2-3). Дегенмен «ПСЖ» қонақта соққан 3 голдың арқасында жартылай финалға жол алды. Осылайша Чемпиондар лигасының ең күшті командасы «Бавария» турнирді мерзіміне бұрын аяқтады.

Ал, Севилиядағы «Рамон Санчес Писхуан» атындағы алаңда «Челси» Португалияның «Порту» клубына кіші есепте жеңілді (0-1). Екі ойын нәтижесіне орай қорытынды есеп 2-1, лондондық клуб пайдасына шешіліп, «Челси» жартылай финалға шыққан екінші клуб болды. 

Ертең Чемпиондар лигасы ширек финалдық жауап кездесулерінің кезекті ойындары өтетін болп, онда «Боруссия Д» өз алаңында «Манчестер Сити» клубын қабылдаса, «Реал Мадрид» қонақта «Ливерпуль» клубына қарсы ойынға түседі.