Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«ПСЖ» клубы құрлықаралық кубоктың иегері атанды
11:17 / 2025-12-18

Францияның «ПСЖ» командасы 2025 жылғы құрлықаралық кубок үшін өткен ойында бразилиялық «Фламенго» клубынжеңіп кубоктың иегері атанды.

Негізгі уақытта қос клубтың ойыншылары 1:1 есебімен тең түсті. Пенальтилер сериясында париждік клубтың  мерейі үстем болды. «Фламенго» футболшыларының 4 соққысын қайтарған ресейлік қақпашы Матвей Сафонов Құрлықаралық кубок финалының үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, ФИФА сараптамасына сәйкес 2025 жылғы символикалық құрамаға «ПСЖ» клубының 5 футболшысы енген еді. Сонымен қатар клуб бапкері Луис Энрике үздік бапкер атанды.