«ПСЖ» Франция суперкубогының рекордын жаңартты
«ПСЖ» Франция суперкубогында жеңіске жету бойынша рекордын жаңартты.
Луис Энрике қол астында париждік клуб «Тулуза» клубын 2:0 есебімен ұтып, Франция Суперкубогы иегері атанды.
Бұл париждіктердің 12-ші жеңісі болып, елдегі рекорд саналады. Бұл көрсеткіш бойынша «Лион» екінші орында – 8 жеңіс.
Осылайша бұл Луис Энрикенің «ПСЖ» бапкері ретіндегі бірінші жүлдесі болды. Бұған дейін ол ең кейінгі жүлдесін 2017 жылы «Барселона» бапкері ретінде ие болған.
Луис Энрике 2023 жылдың жазында «ПСЖ» бапкері болып жұмыс істей бастады.