Президенттікке Өзбекстан Халық демократиялық партиясынан кандидат Мақсуда Ворисова Қарақалпақстан Республикасының сайлаушыларымен кездесті.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектісі, ең алдымен, жалпы халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ету болып табылады. Кездесуде Қарақалпақстан Республикасының айрықша территориялық әлеуетіне сүйене отырып, оны дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.
ӨР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасында отбасының әл-ауқаты, балалар үшін тең мүмкіндіктер, жастардың білім алуы, қарттарға қамқорлық, мүгедектер мен әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау сияқты маңызды мәселелер қамтылған.
Мақсуда Ворисова өз баяндамасында жастар мәселесіне тоқталып, жастардың елдің саяси өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету, әлеуетті жастарды саяси партиялар мен азаматтық қоғамның басқа институттары жүйесінде жұмыс істеуін ынталандыру қажеттігін айтты.