Президенттікке үміткер Алишер Қодиров ферғаналық сайлаушыларымен кездесті
«Милли Тикланиш» демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Алишер Қодиров Ферғана облысының сайлаушыларымен кездесуінде сайлауалды бағдарламаның маңызды міндеттері мен оның мазмұны туралы айтты.
Бағдарламада «Құндылықтарға негізделген даму» ұранымен бес басымдық көрсетілген. Кездесуде тұрмысы төмен тұрғындарды қолдаудың құндылыққа негізделген жаңа жүйесі, ұлттық әдет-ғұрыпты, дәстүрлерді, қалыптасқан құндылықтарға құрметсіздік көрсеткенге жауапкершілік енгізілетіні сөз болды. Өзбек тілі кеңінен қолданылатын, қазіргі дамуға сәй тілге айналдыру үшін құқықтық негіздері күшейтіледі.

Үміткер соңғы жылдары Өзбекстанда жүзеге асырылған реформалар жайлы айта тұрып, түрлі қауіп-қатерлерден абайлауды, білімге көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.
М. Сулаймонов,
М. Қодиров (фото)