Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттікке кандидаттарды тіркеуге құжат тапсыру басталды
10:46 / 2023-06-01

2023 жыл 9 шілде күні  Өзбекстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазіргі уақытта бұл үдеріске қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өзбекстан Республикасының Сайлау кодексіне сәйкес, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидатты Орталық сайлау комиссиясы тіркеуі керек. Ол үшін саяси партия жетекшісі Орталық сайлау комиссиясына Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидатты тіркеу туралы өтініш беруі қажет.

Сайлау кодексі және Орталық сайлау комиссиясының шешімімен бекітілген мерзімінен бұрын Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу бойынша Күнтізбесінде белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес 31 мамырда Өзбекстан «Адолат» социал -демократиялық партиясы мен Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссиясына осы партиялардан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған кандидаттарды тіркеу туралы өтінішпен жүгініп, заңнамада белгіленген құжаттарды тапсырды.

[gallery-12137]

Атап айтқанда, саяси партия жоғары органының Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидатты ұсыну туралы шешімі, мәжіліс хаттамасы, Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың өз кандидатурасын ұсынуымен келіскендігі туралы мәлімдемесі және Өзбекстан Республикасы Президенттігіне көрсетілген кандидатты қолдайтын қол қою парақтары ұсынылды.

Құжаттарды тапсырған екі партияның өкілдеріне Орталық сайлау комиссиясына құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетілген анықтама берілді.

М.Комилова, Алмурат Мамадаминов (сурет), ӨзА