Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттікке кандидат Бахром Абдухалимов Науаида сайлаушыларымен кездесті
17:49 / 2021-10-15

14 қазанда Науаи қалалық мәдениет және ағарту орталығында «Адолат» социал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына үміткер Бахром Абдухалимовтың науаилық сайлаушыларымен кездесуі өтті.

Кездесуде сенімді өкіл кандидаттың өмірбаяны мен қызметі туралы толық ақпарат беріп, үміткер Бахром Абдухалимов өз баяндамасында, сайлаушылардың назарына өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған прогрессивті идеялар мен негізгі мәселелерді жеткізді.

Үміткердің бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыт, мақсат мен міндеттер социал-демократия идеясы және «Адолат» социал -демократиялық партиясының бағдарламалық мақсаты мен саяси платформасына толық сәйкес келетіні айтылған.

Іс-шарада сөзге шыққандар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында демократиялық мемлекет пен әділетті қоғамды құруды дәйекті жалғастыру туралы ұсыныстарын егжей-тегжейлі талқылап, сайлаушыларды сайлауға белсенді қатысуға және лайықты деп санайтын кандидатқа дауыс беруге шақырды.