Өзбекстан Экологиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Абдушукур Худойкулович Хамзаев Сырдария ауданының Гүлістан қаласында сайлаушылармен кездесті.
Жергілікті Кеңес депутаттары, эколог ғалымдар, аудан белсенділері, білім, медицина, жастар, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Хамзаев сайлаушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.


Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында республикада экономиканы реформалауға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар алға тартылуда. Атап айтқанда, «Жасыл виза» бағдарламасының жүзеге асырылуы, салалар мен өңірлердің «жасыл экономикаға көшу индексін» дамыту, жүк тасымалының ірі көліктерден темір жолға ауысуына бағытталған шаралар ерекше атап өтілді.
Әлеуметтік салада мемлекеттік стоматологиялық емханаларды дамыту, қаланың бас жоспарларын дайындауда 30 пайыздан кем емес жасыл желектерді құру талабын күшейту, қаланы дамыту іс-шараларына қоғамдық бақылауды күшейту, нормативтік құжаттарды қабылдауда қоршаған ортаға әсер ету жүйесін енгізу сияқты елеулі бастамалар ұсынылды.

Сондай-ақ, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот жүйесін реформалауға бағытталған ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, табиғатты қорғау заңнамасын кодификациялау арқылы Экология, Су, Орман кодекстерін қабылдау, «Халықтың экологиялық мәдениетін арттыру туралы» бағдарламаны қабылдау, экологиялық сақтандыру жүйесін дамыту, білікті заңгерлік көмек пен қызмет көрсету сапасын арттыру, эколог-заңгерлерді даярлау жүйесін жетілдіру, уәкілетті органдардың айыппұл салуын азайту, соттарға кеңірек өкілеттік беру, жол қозғалысы қауіпсіздігін тек заң негізінде реттеуді белгілеу және т.б.

Мемлекет және қоғам құрылысы саласындағы ұсыныстар да ерекше бағаланды. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық саясаттың басым бағыттарын айқындауға бағытталған «Тұрақты экологиялық даму стратегиясын» қабылдау, жаңартылатын энергия көздерін дамытудың перспективаларын анықтауға бағытталған «Жасыл энергетикалық стратегиясын» қабылдау, «Тұрақты экологиялық даму стратегиясын» қабылдау, суды тиімді пайдалану және оның өнімділігін арттыруға бағытталған ұлттық бағдарламаны әзірлеу, халықаралық құжаттарға мүше болу сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кездесуде президенттікке кандидат Абдушүкүр Хамзаевтың сайлауалды бағдарламасында өмірлік маңызды мәселелер қамтылып, халықтың, қоғамның, мемлекеттің игілігіне байланысты бастамалар көтеріліп жатқаны, бұл бастамалар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге бағытталғаны айтылды. Сондай-ақ, сайлаушылар экология және қоршаған ортаны қорғау, қоғамда экологиялық мәдениетті көтеруге байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.
Шухрат Суяров, ӨзА