English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттік сайлау: Дене қызуы жоғары азаматтар үшін бөлек кабина мен жәшік қойылады
19:38 / 2021-10-23

2021 жылдың 24 қазан күні Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Осыған орай сайлауға келетіндер арасында дене қызуы жоғары азаматтар үшін бөлек кабина мен қорапша қойылады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Баходир Юсупалиев айтты.

Сайлаушылар мен сайлау процесіне қатысушы басқа азаматтардың дене температурасы 37 градус немесе одан жоғары екендігі анықталса, олар сайлаушылардың дауыс беру учаскесіне жіберілместен дауыс беруі үшін арналған бөлек орындарда көшпелі кабиналар мен жәшік қойылады.

Сонымен қатар, дене температурасы 37 градус немесе одан жоғары, ауру белгілері анықталғандар үшін сайлау учаскелерінде жеке оқшаулау бөлмелері мен медициналық бөлмелер қарастырылған. Бұл аймақ қажетті дәрі-дәрмек және медициналық құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтіп жатқан сайлау учаскелерінде карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлығы 21 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі әр сайлау учаскесінде жүйелі түрде дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, делінген ДСМ хабарламасында.