Президенттік сайлау алдынан Қазақстандық делегацимен кездесу өтті
2021 жыл 23 қазанда «Олий Мажлис» Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары С.Сафоев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты және Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның төрағасы А.Шәкіров бастаған Қазақстандық делегацимен кездесу өтті.
Тараптар кездесуде 24 қазанда өтетін Президенттік сайлауға дайындық туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелеріде қаралып, ӨР «Олий Мажлис» Сенаты мен ҚР Парламенті Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші бірлескен отырысын өткізу мәселесі талқыланды.
Кездесу соңында ӨР «Олий Мажлис» Сенаты және ҚР Парламенті Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бірінші отырысының хаттамасына қол қойылды.