French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттің төрағалығында халықты жұмыспен қамту және экономикалық қызметті жандандыру мәселелері жөнінде жиын өтті
21:05 / 2020-04-24

Бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан карантиндік жағдайлар барлығына, әсіресе мемлекеттік басқару органдарының басшыларыүшін күтпеген сынақ пен тәжірибе болды


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев төрағалығында 24 сәуір күні халықты жұмыспен қамту және экономикалық қызметті жандандыру мәселелері жөнінде кезектегі бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан карантиндік жағдайлар барлығына, әсіресе мемлекеттік басқару органдарының басшыларыүшін күтпеген сынақ пен тәжірибе болып, пандемияның халық өмір салтына, кәсіпкерлер мен экономика салаларының қызметіне әсерін азайту мақсатында бейнеклекторлық жиындар өтіп, нақты міндеттер қойылуда.

Карантин жағдайында Ферғанада 10 000 және Қашқадарияда 11000 кәсіпорынның өндірісі күрт төмендеуінің соңынан жұмыссыздар саны көбейген. Онсызда Ферғанада 56000 және Қашқадарияда 91000 көмекке мұқтаж отбасы бар.

Жиында осы аймақ әкімдеріне вирус қаупі жоғары, және орташа төмен қауіпті аудандар мен қызмет түрлеріне талдау жасау арқылы карантиндік шектеулерді кезеңімен жеңілдету туралы республикалық комиссияға ұсыныс енгізу тапсырылды.

Сондай-ақ биыл Ферғанадағы 130 нысанды салу және қайта жаңарту үшін 632 млрд. сум, Қашқадарияда 132 нысан үшін 536 млрд қаржы бөлінген болса да алғашқы ширекте қаражаттың игерілуі мен жобаларды іске асыру жобадан едәуір артта қалды. Бұл жағдайды ескере Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтуды жеделдету мақсатында екі аймақтағы нысандардағы құрылыс жұмыстарын жеделдету қажеттігін айтты.

Сонымен қатар аймақтағы тұрғындарды жұмыспен қамтудың тағы бір жолы негізінде жағдайы төмен отбасыларға ірі қара мал, құс және бал арасы ұясын тарату арқылы ынтымақтастық негізінде жұмыспен қамтып өндірісті ұлғайту тапсырылды.