Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттің төрағалығымен қоршаған ортаны қорғауға байланысты жиын өтті
20:39 / 2020-03-06

Осы жиында Өзбекстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қоршаған ортаны қорғау жайлы тұжырымдамасы нашар екені айтылды


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқаруды жетілдіру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Осы жиында Өзбекстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қоршаған ортаны қорғау тұжырымдамасының және 2019-2028 жылдарға арналған Өзбекстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару стратегиясының орындалуы дұрыс емес деп табылып, қоршаған ортаға, атмосфераға үлкен көлемде зиянды заттар шығуы хайуанаттар әлеміне қауіп төндіруде.

Қазіргі күнде тұрмыстық қалдықтар жылына 7 миллион тоннадан асып оның тек 19 пайызы қайта өңдлуде. Бұл ретте жеке секторлардың үлесі төмен екені, құрылыс пен өдіріс өркендеуінің арқасында оның үлесі тым артып келуде деген сынды актілер келтіріліп, сол себепті бүгінгі жиында халыққа санитарлық қызмет көрсету көрсеткішін 2021 жылда 100 пайызға жеткізу мен 221 қалдықтар полигонын талапқа сай жасау міндеті белгіленді. 


Сонымен қатар осы салада жұмыс істейтін мамандар жұмысы сынға алынып, онда ел аумағындағы білімді азаматтардың жетіспеуі мен ЖОО-ның бірде-бір экология бойынша факультеттің жоқ екені айтылды және зерттеу жұмыстарына гранттар бөлу мен шетелдегі ғылыми мамандардың білімін жетілдіру бойынша осы салаға иновациялық технологияларды тарту жайлы сөз айтылды.