Президенттер «Өзбекстан» саябағының іргетасын қалау рәсіміне қатысты
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Әзербайжанға мемлекеттік сапары аясында Баку қаласында «Өзбекстан» саябағының іргетасын қалау рәсімі өтті.
Жаңа саябақ ел астанасының беделді әрі қарқынды дамып келе жатқан «Ақ қала» аумағынан орын алады.


Жобага сәйкес, 8,5 гектар аумақта Өзбекстанның бай мәдениеті мен дәстүрлерін танытатын ірі кешен бой көтереді.
Саябақ аумағында еліміздің сәулет ескерткіштерінің үлгілері, серуен аллеялары, жасыл аймақтар, қонақ үй, сауда және ойын-сауық орындары салынады. Ғимараттардың құрылысы мен безендірілуінде өзбек ұлттық сәулет өнерінің дәстүрлері мен ою-өрнектері пайдаланылады.


Салтанатты шарада екі ел басшылары бірге саябақ іргетасына рәміздік капсула орнатып, осы маңызды жобаның құрылысын ресми түрде бастап берді.

