Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттер заманауи гидроэлектр станцияның құрылысын бастап берді
22:43 / 2022-06-02

Тәжікстан Президентінің Ташкентке сапары барысында Зарафшан өзеніндегі «Яван» су электр стансасының құрылысын бастау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шарада Президент Шавкат Мирзияев пен Президент Эмомали Рахмон символдық түймені басып, құрылысты бастап берді.

Бұл нысан энергетика саласындағы алғашқы екіжақты ірі жоба болмақ. Қуаты 140 мегаватт болатын заманауи станция екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін, су және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Инженерлік жұмыстар заманауи стандарттарға толық сәйкес, жетекші шетелдік компаниялардың қатысуымен жүргізілуде.

Жобаны қаржыландыруға жетекші халықаралық институттар, соның ішінде Азия даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі қызығушылық танытты.

Бұл жоба саланың ғылыми-өндірістік әлеуетін нығайтуға, мыңдаған отбасылар мен жаңа кәсіпорындарды «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге қызмет етеді.